ОҚО-дағы жеті жасар бала анасымен бірге Алматыға келеді
ОҚО-да зорлық көрді деген жеті жасар бала анасымен Алматыға келеді. Мұнда халықаралық сарапшыларды тарту арқылы сараптама жүргізу жоспарланып отыр. Олар Бас прокуратура өкілдерінің қадағалауымен «Аналар үйінде» тұратын болады.
Сонымен қатар, жұма күні Астанада балаға қатысты шу болды. Бұған дейін жеті жасар балақайды алуға келген анасына ұлын бермегенін айттық. Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Зорлануы мүмкін деген сарыағаштық жеті жасар баланың ісі Бас прокуратураға тапсырылды. Баланың анасы Астанадағы тергеу жұмыстарымен бірлесіп жақын арада Алматыға ұшып келеді. Мұнда қылмыстық істі тергеу жұмысы жалғасады. Ал бірінші сынып оқушысымен психолог маман жұмыс істеп жатыр екен. Бұл істе отбасы мүшелері мен процестің қатысушылары мемлекеттің қорғауында болады. Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері Астана қаласының тәртіп сақшыларымен ауыстырылды.
«Тергеу жұмыстары мен сараптамалық сұрақтар баланың анасы мен қорғаушының, сондай-ақ ҚР Бас прокуратурасымен бірлесіп шешілетін болады. Сараптаманың қай жерде жүргізілетінін өздері анықтайды. Біздің міндетіміз тергеу үдерісіне кедергі жасамау»,-деді қоғам қайраткері Аружан Саин.
Баланың анасы отбасындағы жалғыз асыраушы болып табылады. Бұл жанұяда мүмкіндігі шектеулі баланың әжесі де тұрады. Жұма күнгі шудан кейін жеті жасар балақайдың әжесі мен әпкесі Абай ауылына оралды.
Айта кетейік, қорғаушы Бауыржан Азанов Астанаға келген баланың анасы ұлымен қауыша алмай тұр деген жазба жариялаған болатын. Әйел белгісіз құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен ұлын беруді талап еткен.
«Егер ол ұлының қамын ойлайтын ана болса, сағат 21.00-де баланың демалуға тиіс екенін білу керек. Өтінемін, мені түсінесіңдерші, қолымнан келген барлық мүмкіндікті жасадым деп ойлаймын»,-дейді Зағипа Балиева.
Астанаға келген ана баласын әзер дегенде алып кеткен. Олар тіпті, демеушілердің жеті жасар балақайға берген сыйлықтарын да алмай, «Асыл бала» орталығында қалдырып кеткен. Естеріңізге сала кетейік, демалыс күндері анасы мен ұлы «Аналар үйінде» болды, жақын арада олар Алматыға ұшып келуі тиіс.
Жіберіп алмаңыз:
7 жасар баланың оқиғасынан кейін ОҚО-дағы ауыл тұрғындары балаларын мектепке жіберуге қорқып жүр
7 жасар баланың ісі: Селтановтар отбасы өздерін айыптағандарға жауап берді
Теміртауда жүктілік кезінде егіз сәбиінен айырылған анаға 200 мың теңге өтемақы төленеді