ОҚО-да сүңгуірлер үш жасар баланы іздеп жатыр
Оңтүстік Қазақстанда ТЖД жедел-құтқару отрядының қызметкерлері Сарыағаш ауданындағы Келес өзеніне батып кетуі мүмкін 3 жасар баланы іздеп жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметі хабарлайды.

Іздеу шараларына баланың туыстары мен жергілікті тұрғындар да қосылған. Сүңгуірлердің жұмысын әзірге қатты ағыс пен нашар ауа-райы қиындатып тұр.

“Құтқарушылар ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады. Оларды су мен өзен алаптарына қарай жібермеу керек”, – деді ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген