Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өгей әке зорлығын көрген қыз суицид жасамақ болған. Павлодарда педофилге қатысты үкім шықты

Павлодар облысы Успенка ауылының тұрғыны ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде (қатаң режимдегі колония) 23 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда өгей әкесін зорлады деп айыптаған қыздың оқиғасы: Іске қатысты күтпеген мәліметтер шықты

Бұл туралы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

20 қарашада аяқталған жабық процесс барысында 2016 жылдан 2020 жылға дейін айыпталушы жас қызға (ол кезде қыз 13 жаста) қатысты зорлау және жыныстық әрекеттер жасағаны анықталды. Осы жағдайға байланысты қыз суицид жасамақ болған. 

Алайда сотталушының өзі кінәсін мойындаған жоқ. Оның адвокаты күдіктіні ақтауды сұрады. Айыптау жақ оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Сот жәбірленушінің, куәлар айғағын және сараптама қорытындыларын тексеріп, сотталушының зорлау, кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер, сондай-ақ жеткіншекті өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізгенін дәлелді деп тапты.

Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша қылмыстардың жиынтығын мас күйінде жасауды ескере отырып, сот педофилді ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде 23 жылға бас бостандығынан айырды.

Сондай-ақ, ер адам өмір бойы педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды (қылмыстық заңға сәйкес, осы арнайы құқықтан айыру міндетті болып табылады және жұмыс орнына қарамастан тағайындалады).

Сонымен қатар, сот сотталушының химиялық кастрацияға мұқтаждығы туралы мәселені зерттемегені үшін сот сараптамасы орталығы басшылығының атына жеке қаулы шығарды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу кезінде жіберілген қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларын бұзғаны үшін Павлодар облысы прокурорының, облыстық полиция департаменті бастығының атына жеке қаулы шығарылды.
 

Талқылау