Оба таратады: Австралияда кенгуруларды жаппай атып жатыр
Австралиялық фермерлер кенгурулардың санының өсуіне дабыл қағуда. Сөздерінше олар егін мен топыраққа зиян тигізіп қана қоймай, оба таратуы мүмкін деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі EuroNews порталына сілтеме жасап.

Соңғы уақытта сүтқоректілердің саны 27 миллионнан 50 миллионға дейін екі есеге жуық өскен. Ғалымдар кенгурулардың континентке келтіретін зияны үлкен екенін растап отыр. Бұған дейін континенттегі егінге және ауылдық жерлерге қояндар қауіп төндірсе, қазір олардың орнын кенгурулар басқан.
"Кенгурулар қояндарға қарағанда өсімдіктерді тез жояды. Одан бөлек бұл құстардың кейбір түрлерінің жойылып кетуіне, топырақ эрозиясына және ерекше қорғалатын аумақтардың шөлге айналу қаупіне әкелуі мүмкін", - деп жазады басылым.
Пайда болған проблемаларды шешу үшін жергілікті аңшылар жануарларды атуға кіріскен. Мәліметтер бойынша олар бір түнде 50 кенгуруды өлтіреді.
Алайда жануарларды қорғаушылар бұл жағдайға наразы. Олар сүтқоректілерді атуды тоқтатуды талап етуде. Сөздерінше, құзырлы органдар таратқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Ал жануарлар коммерциялық мақсатта атылуда.