Нью-Йорктегі қазақстандық полицей АҚШ-тағы жекпе-жекте жеңіске жетті
Нью-Йоркте полицей болып жұмыс істейтін 32 жастағы қазақстандық Димаш Ниязов 29 жастағы аргентиналық Джонатан Годойды жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Жеңіл салмақтағы кездесу Майамидегі бокс кеші аясында өтті және жоспарланған барлық алты раундқа созылды. Ниязовтың жеңісі бірауыздан мақұлданды.
Бұл жеңіс оның 14-інші және 2017 жылдан кейінгі алғашқы жеңісі болды.
- Атырау облысында есірткімен ұсталған полицейлердің видеосы желіде пайда болды (видео)
- БҚО-да бұрынғы полицей әйелін алты жыл бойы қорлап келген: Ер азамат оқиғаны жариялағаны үшін жұбайын сотқа берді
Боксшы алдыңғы жекпе-жегінде жеңіліп, кейін рингке орала алмады. Алдымен омыртқааралық дискілер салдарынан, содан кейін пандемия салдарынан боксшының шаршалаңға шығуға мүмкіндігі болмаған.
Еске салайық, Ниязов Шымкентте дүниеге келген, бірақ ол бала кезінде АҚШ-қа отбасымен көшіп кеткен.
Осыған дейін Нью-Йорктегі қазақ полицей бокс рингіне қайта оралатынын мәлімдеген болатын.
Қазақстан туын балконға ілуге, киімге басуға бола ма? Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі қандай
Бұл туралы заңгер жауап берді
"Салт-дәстүрді "біздікі, өзгенікі" деп бөлмейміз": Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері неге балаларына тұсаукесер жасайды
Джой: "Кішкентай кезінен бастап осы жермен байланысын сезініп, елдің мәдениеті мен дәстүрін құрметтеп өскенін қаладым"