Нұржан Ахатов Қызылорда қаласының әкімі болып тағайындалды
Қызылорда қаласының әкімі лауазымына Ахатов Нұржан Сәбитұлы тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz
Ахатов Нұржан Сәбитұлы 1978 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында туған. Жоғары білімді. 1999 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Экономист-бухгалтер" мамандығы бойынша, 2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін "Юриспруденция" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Қызылорда облысының статистика жөніндегі есептеу орталығының жабдықтаушы маманы қызметінен бастаған.
2022 жылдың 15 шілдесінде Шиелі ауданының әкімі болып тағайындалған болатын.
Еске салсақ, бұған дейін Орал қаласының әкімі Миржан Сатқановтың өз еркімен қызметінен кеткені туралы жазған едік.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"