AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Айдарбеков: Кейде Гүлзираға "Қайрат – сенің балаң, қалған екеуі еріп келген шығар" деп күлемін

Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайратты 17 жасында сахнаға шығарды. Содан бері міне, 17 жыл бойы үнемі тұңғышының қасында. Продюсер шығармашылық орта Алматыда болғандықтан, көбінесе осы қалада жүрсе, жұбайы Нұртас Айдарбеков Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Уақытының көп бөлігін немере тәрбиесіне арнайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазақстан" Ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.  

"Біз Алматы, Нұр-Сұлтан екі қалада тұрамыз. Гүлекең көбінесе Алматыда. Мен кейде: "Қайрат сенің балаң да, қалған екі бала еріп келген шығар",  –  деп күлемін. Өйткені бұл қалған екеуіне көңіл бөлмейді. 
Сол бір Қайрат. Ал мен ешкімді ренжіткім келмейді", – деп ағынан жарылды Айдарбеков.

Нұртас мырза жұмыстан қолы қалт етсе, үйге асығады. Кезінде Қайраттың төрт баласын тәрбиелеп өсірсе, бүгінде ортаншы ұлы Аянның ұл-қызын бағуда. 



"Немере деген өте тәтті. Мен кешкі 5-6-да жұмыстан келемін, қалған уақытымның бәрін солармен өткізуге тырысамын. 

Маған Алла қыз бермеді, үшеуі де ұл ғой. Өзім осы үшеуі үш қыз алып келетін шығар деп армандайтынмын. Аллаға шүкір, бүгінгі таңда сол арманыма жеткен сияқтымын. Оның үстіне, өздері де (авт. – келіндері) керемет, барлығы тәрбиелі", – деп бөлісті Қайрат Нұртастың әкесі.

Ал Гүлзира Айдарбекова келіндері мен немерелерінің атасына жақын болғанына қарсы емес. 

"Осы аталарыңды жақсы көре беріңдерші деймін ғой. Осы кісі тыныш болса, біз де тыныш", – деді ол. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр