Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Айдарбеков ажырасып кеткен үшінші ұлына әйел алуды ұсынды

Хитмен Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков кенже ұлын үйлендірмек ойы бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/aidarbekov_nurtas

Заңғар Нұртас бүгінде Шымкент қаласына көшіп, ата-анасынан бөлек тұрып жатыр. Кенже ұлының үйіне қонаққа келген Нұртас Айдарбеков Заңғарды үйленуге көндіріп әлек. 

Баласының: “Қош келдіңіз, әкешім, асқар тауым. Шаңырақ осы, үй осы” деген сөзіне Нұртас Айдарбеков: “Бәрі жақсы, тек шәй беретін келін болмай тұр. Шымкентке балам келінді көрсете ме деп келдім. Үй-жайың бар екен. Енді мына қасықтарға ие болатын келін болса. Менде басқа мәселе жоқ”, – деп жауап берді.

Желі қолданушылары Айдарбековтер әулетіне ибалы да, инабатты келін келуін тіледі.

“Айдай аппақ көңілі, жаны нәзік, текті, қарапайым, өз бағын көтере алатын саналы жанды нәсіп етсін”, “Балаларыңыз ақылды,өзінің адал жарын тапсын”, “Анасындай еңбекқор адам жолықсын”, “Келін әкелсін той көрейік”, – деп ақ тілектерін арнады.

Айта кетейік, Заңғардың бұрынғы әйелі Жібек үлкен абысыны Жұлдыз Әбдукәрімованың туған күніне келген болатын.

 

 

Талқылау