Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтандағы ірі жол апаты: Зардап шеккен 27 адамның жағдайы айтылды

Елордалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Нұр-Сұлтанда болған ірі жол апатына қатысты пікір білдірді. Ол зардап шеккендердің денсаулығы туралы айтып берді.

Нұр-Сұлтандағы ірі жол апаты: Зардап шеккен 27 адамның жағдайы айтылды

Сурет: Sputnik / Ксения Воронина

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Оның мәліметінше, жол апатынан екі адам көз жұмған – автобустың 53 жастағы жүргізушісі мен 26 жастағы жолаушы әйел.

Қазіргі уақытта апаттан зардап шеккендер саны 27 екені белгілі. Олардың 25-і №2 қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің төртеуі ауыр жағдайда жатыр. Үш пациентке ота жасалынып жатса, тағы үш адам қарқынды терапия бөлімінде жатыр.

№1 қалалық ауруханаға жедел жәрдем фельдшері жеткізілді. Оған бас сүйек-мидың жабық жарақаты диагнозы қойылып, нейрохирургия бөліміне жатқызылды. 

Орталық жол ауруханасына жедел жәрдемның тағы бір фельдшері жеткізілді. Оның тізесі зақымдалған. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр. Пациент емханада емделуге жіберілді.

Хабарланғандай, апат туралы қоңырау түскенде жедел жәрдемнің 22 бригадасы, сонымен қатап медициналық апаттар бригадасы жұмылдырылған. Дәрігерлер әлі де жұмыс істеп жатыр. 

Еске сала кетсек, бүгін таңертең Ұлы Дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында үш автобус соқтығысып, жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көліктер соғылған еді. ЖКО факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сот-медициналық және авто-техникалық сараптамалар тағайындалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау