Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев бала күнінде киіз үйде өмір сүргені жайлы айтып берді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Qazaq: Алтын адам тарихы" деректі фильмінің кезекті бөлімінде киіз үйдің тарихы жайлы баяндап, бала кезінде өзінің де қазақ үйде тұрғанын еске алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев киіз үйдің бірнеше мың жылдық тарихы бар екенін және көшіп-қону кезіндегі ыңғайлылығы туралы айтты. 

"Үш мыңжылдық бұрын киіз үй пайда болды. Бәлкім одан да бұрын. Себебі бұл – өте ыңғайлы үй. Қабырғаларын кереге деп атайды, олар құралмалы. Ағаштан жасалған, тез бұзылып, тез жиналады. Ең басты экспонат – шаңырақ. Әр отбасы, әр ру әкесінің шаңырағын сақтаған. Содан кейін әкенің қасиетті шаңырағы астында үй салып, өмір сүрді. Әлемдегі күмбездердің барлығы осыдан алынған. Өйткені мұндай құрылыс күшті желден құтқарған, су ұстамайды және құлап та қалмайды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Оның сөзінше, бала күнінде өзі де қазақ үйде түнеген. 

"Бала кезімде өзім де тұрдым. Әкемнің тонына оранып жатып ұйықтайтынмын. Киізге тиген жаңбыр дауысын естіп, тәтті ұйқыға бату", - деп еске алды Назарбаев. 

Талқылау