Нұрлан Нығматулиннің ұлы "ҚазМұнайГаз-Аэродағы" лауазымды қызметінен босатылды
Нұржан Нұрланов "ҚазМұнайГаз-Аэро" бас директоры қызметінен босатылды. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз "Ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Atameken Business Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Хабарламаға сәйкес, 19 мамырда "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС жалғыз мүшесінің шешімімен компанияның бас директоры болып Шамсутдинов Ильдар Тагирович тағайындалды.
Айта кетейік, Нұржан Нұрланов - Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің кенже ұлы "ҚазМұнайГаз-Аэро" компаниясын 2019 жылдың ақпанынан басқарған.
Бұған дейін ол Премьер-министр кеңсесі аймақтық даму бөлімінің сарапшысы (2012-2013), "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ қаржы бойынша басқарушы директор (2013-2014), техникалық саясат бойынша бас директордың орынбасары, "ҚазТранасГаз" АҚ басқарма мүшесі (2016-2018), "Бәйтерек" холдингінің басқарушы директоры (2018-2019) болып жұмыс істеді.
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр
Несие біткен кезде ұлы үйді әйелінің атына аударып алған
Түркістандық кәсіпкер жоғары лауазымды полиция қызметкерлерін өз компаниясына тиесілі жүк көлігін ұрлады деп айыптады
Жәбірленушінің сөзінше, екі жол полицейі жүкті айыппұл тұрағына өздері қойған