Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан имам Джо Байденнің шақыруымен арнайы асқа қатысатынын айтты (видео)

Теолог, дінтанушы Нұрлан қажы Асанов АҚШ президенті Джо Байденнен шақырту алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: nurlanimam.kz Instagram парақшасынан

Америкадан жеткен шақыртуды белгілі журналист Дана Нұржігіт Instagram парақшасында жазды. 

"Бүгін Қазақстан кәсіпкерлері бауырластық көңілмен алыс сапар алдында қазақтың жөн-жоралғысымен кетераяқ дастархан жайып, елдің аманатын арқалап сонау АҚШ-қа сапармен кетіп бара жатқан Нұрлан имамға ізет көрсетті", - делінген жазбада.

Ал әлеуметтік желі арқылы танылған Нұрлан имам Байденнің жыл сайын әр ел басшылары мен танымал адамдарына беретін асына қонақ болып бара жатқанын айтты. 

"Жыл сайын АҚШ басшысы Джо Байден және оған дейінгі барлық президенттер әр мемлекеттен таңдаулы адамдарды қайырымдылық асына шақырады. Осы жолы біздің елден таңдау маған түсіпті. Біз бұл сапарымызда мемлекетіміздің мүддесін, президентіміз жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатын жеткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар руханиятымызды кеңінен паш етіп, қазақ тарихының кең екенін көрсетуді көздеп отырмыз", – деді имам. 

Нұрлан қажы Асанов АҚШ-та бір апта болып, Джо Байден ұйымдастыратын үш шараға да қатысады.

Талқылау