"Одан қатты қорықтым": Нұрболат Абдуллин қазақ жігіттеріне тіл тигізген альфонсты орнына қойды
Желіде өзінен үлкен әйелдермен кездесетінін айтып танылған альфонс жігіт Бекзат Жанұзақтың басы дауға қалды. Қазақ жігіттеріне тіл тигізген ол Нұрболат Абдулллиннен сөз естіп тынды.
Бұл туралы Нұрсұлтан Құрманмен болған сұхбат барысында айтылды.
Бекзат Нұрболат Абдуллинді қылмыс серкесі екен деп ойлап қатты қорыққан. Себебі әншінің киім-киісі, жүріс-тұрысы қылмыс әлемінінің серкесіндей көрініпті.
"Қазақстан қонақ үйінде құрбым екеуміз шай ішіп отырғанбыз. Әлдебір мәселені талқылап отырдық. Сол кезде Нұрболат Абдуллин келді. "Бекзат Жанұзақ деген сен бе?" деп сұрады. Мен басымды изеп едім, сыртқа шығып кетуімді сұрады.
Қап-қара костюм киім, көзілдірік тағып алған. Мен одан шынын айтсам, қатты қорқып кеттім. Сыртқа шықсам, Гелендваген көлігінің қасында күтіп тұр екен.
"Қазақ жігіттеріне сен бе тіл тигізіп жүрген? деді. Мен оның монтаж екенін, оқиғаның қалай болғанын түсіндіріп бақтым. Қазақта мықты жігіттер көп. Енді "порожняк" дегенді естісем, ісім сенімен болады деді. Оның әнші екенін кейін білдім. Өмірде сахнадағы әншіге ұқсамайды. Түрі суық екен. Жақсы, аға, екінші қайталанбайды, киіміңіз күшті екен дедім сасқанымнан" деді Бекзат.
Қайрат Нұртас 8 мың доллар: Қазақстандық әншілер бір тойдан қанша ақша алады