Нұрбек Оралбай әлем чемпионатының ширек финалында өзбек боксшысынан жеңілді

Қазақстандық Нұрбек Оралбай Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында жеңіліске ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
80 келіге дейінгі салмақта ол өзбекстандық Джавохир Умматалиевпен жұдырықтасып, тартысты жекпе-жектің қорытындысында қарсыласына жол берді. Төрешілер бірауыздан жеңісті Умматалиевке жазды.
Осылайша, өзбек боксшысы кем дегенде қола медальді қоржынына салды. Ал 2024 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері әрі 2023 жылғы әлем чемпионы Нурбек Оралбай турнирді жүлдесіз аяқтады.
Бұған дейін, 55 келі салмақта Сабырхан Махмұдтың жартылай финалға жолдама алғанын хабарлаған едік.
Талқылау

