Нұрбек Мұрсал Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Фото: ҚБФ
Бангкок қаласында (Таиланд) өтіп жатқан 2025 жылғы жастар және 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатында Нұрбек Мұрсал жартылай финалға өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
World Boxing ұйымы өткізген бұл алғашқы құрлықтық турнирде Нұрбек 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатыр. Ол жарысты бірден ширек финалдан бастап, филиппиндік Брэндон Джей Сорианоға қарсы жұдырықтасты.
Кездесу өте тартысты өтті. Үш раунд бойы тең күрескен қарсыластардың арасынан төрешілердің бөлек шешімімен Мұрсал жеңімпаз деп танылды.
Осылайша, Нұрбек Мұрсал Азия чемпионатының жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлдеге қол жеткізді. Айта кетейік, бұл дода — World Boxing ұйымының тарихындағы жастар мен U22 санатындағы алғашқы Азия чемпионаты.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"

