Нұр-Сұлтанның орталығында жол опырылып түсті
Нұр-Сұлтандағы Шоқан Уәлиханов пен Ғұмар Қараш көшелерінің қиылысында жол төсемі опырылып түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта учаске қоршалған. Шұңқырдың орнын толтыру жұмыстары жүргізілуде.
Елорда әкімдігінің хабарлауынша, оқыс жағдай "мердігер ұйымның диаметрі 300 миллиметр СДР 17 құбырын тесу әдісімен төсеу кезінде технологиялық процесті сақтамауына байланысты" орын алған. Нәтижесінде нөсерлік кәріз коллекторы су астында қалып, жол төсемі опырылған.
"Бұзушылыққа жол берген мердігер ұйым жауапкершілікке тартылады. 19 сәуірде әкімдік басқармалары, ШЖҚ "Elorda Eco System" МКК, сондай-ақ ЖП ӘПБ жол төсемін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді", - деді ведомствода.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.