Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"10 шақырым жылдамдықпен жүрсек те жетер едік": Нұр-Сұлтанға барар жолда көліктер 12 сағат бойы тоқтап тұр

Ақмола облысында кеше кешке боранға байланысты Нұр-Сұлтаннан Щучинскіге дейінгі жол жабылды. Осыған байланысты автокөліктер 12 сағат далада қозғалыссыз тұруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

Петропавл автожолының 18-231-шақырымында, Нұр-Сұлтаннан Щучинскіге дейінгі ақылы учаскеде автокөліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді.

"Бурабай-Нұр-Сұлтан тасжолында Шортанды маңында 12 сағат тұрмыз, ешкім нақты ештеңе айта алмайды. Патрульдік көліктермен сағатына 10 шақырым жылдамдықпен жүрсек те, астанаға баяғыда жетіп алар едік, бірақ біз тұрмыз. Мұнда балалар бар, адамдарда бензин таусылып жатыр, тоңып отырмыз", – деп шағымданды жолда қалып қойған жүргізушілер.

Жүргізушілердің бірі жіберген суретте аспан ашық екені көрінеді.

ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі Нұр-Сұлтан бағытында кей жерлерде ғана жол көрінбейтінін хабарлады. Арнайы техника кез келген уақытта шығуға дайын болғанын, бірақ жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігі үшін қызметкерлер ауа райының жақсаруын күткенін айтты.

"ҚазАвтоЖолда" видеосында жолдың 40-шы шақырымы көрсетілген. 06.57-де әлі де жол көрінбейді.

Бір сағаттан кейін олар видеода 70-ші шақырымда жолды тазартуға дайын тұрған арнайы техниканы көрсетті. Бұл уақытта күн ашылған. 

Талқылау