"Нұр-Сұлтандағы үш мектепке бомба қойылған" деген ақпарат тарады
Елордадағы үш бірдей мектепке бомба қойылған деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан полиция басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
11 қазанда полицияға 16, 37 және 72 нөмірлі орта мектептердің электронды мекенжайына жарылғыш заттар қойылды деген хаттар жіберілгені туралы қоңырау түскен.
- Нұр-Сұлтандағы балабақшалардың бірінен екі бала қашып кетті
- Елордалық оқушылар сауда үйіне "бомба қойған"
"Тексеру жүргізілді, ақпарат расталмады. Жарылғыш зат табылған жоқ. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасы жарылғыш зат туралы біле тұра жалған хабар түскенін ескертеді. Кінәлі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.
Полиция сонымен қатар азаматтардан үрейленбеуді және мессенджерлерде жалған хабарламалар жібермеуді сұрады.
"Миллиондар жоғалттым": Қазақстандықтар трейдингпен айналысамын деп сан соғып қалғандарын айтты
"500 мың теңгеге курс алып, бүкіл депозитімнен айырылдым"
"Жұмыстан шығаруға негіз емес": Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер