Елордалық оқушылар сауда үйіне "бомба қойған"
7 қазанда полицияға астананың Сәтбаев көшесіндегі Мечта сауда үйінен күдікті қара сөмке табылғандығы туралы хабарлама келді. Сөмкеде жарылғыш зат болуы мүмкін деген ақпар тараған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлерінің арнайы жасағы оқиға орнына келіп, тексеру жүргізді.
"Келген кезде жарылғыш зат туралы ақпарат расталған жоқ. Бейнебақылау камераларын қарау кезінде вестибюльге 8 және 14 жасар екі кәмелетке толмағандар кіріп, рюкзактарын шкафтарға салғаны анықталды. Бөлмеде біраз уақыт болған соң, екі мектеп оқушысы да сөмкелердің бірін ұмытып, кері қайтқан", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мән-жайды анықтағаннан кейін сөмке иесіне қайтарылды.
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген
Қазақстандық компаниялардың акциясы соңғы 5 жылда қалай өзгерді
Қазақстандық компаниялар аймақтағы ірі бизнес рейтингінде де алдыңғы қатарда