Нұр-Сұлтандағы "қара кортеж": Қатысушылардың бірі кешірім сұрады (видео)
Нұр-Сұлтандағы "қара кортеж" қатысушыларының бірі астаналықтардан жасаған әрекеті үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

27 жастағы KIA жүргізушісі бейне хабарламада өзінің жасаған ісіне өкініп, жазалануға дайын екенін айтты.
Видео бір күн бұрын Instagram-да пайда болды. Көліктердің бірі Тұран даңғылындағы өткелді жауып тастады. Бұл уақытта «Хан Шатыр» сауда орталығына қарама-қарсы тұрақтан қара түсті оннан астам көлік жүріп жүріп өтті. Сонымен қатар сиренаның дыбыстары естілді.
«КИА» автокөлігінің жүргізушісі 1992 жылы туған Мубараков Ташбулатхон Марифханұлы жол ережесін бұзғаны үшін және «Сергек» камераларында тіркелген заңбұзушылықтар үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлады полиция.
15 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Полиция кортежге қатысушылардың барлығының көлікгі коммуналдық тұраққа орнатылғанын атап өтті.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы