Нұр-Сұлтандағы аттракциондардың біріне баланың саусағы қысылып қалды
Нұр-Сұлтанда құтқарушылар балаларға арналған аттракционға саусағы қысылып қалған кішкентай қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елордалық төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, 18 сәуірде кешкі сағат алты шамасында құтқарушылар Қосшығұлұлы көшесі, 11 мекен-жайы бойынша барған.
Төрт адамнан және бір техникадан тұратын жедел-құтқару жасағы оқиға орнына барды. Олар баланың саусағы шұңқырға қысылып қалғанын анықтады.
"Құтқарушылар бірден құтқару жұмыстарын жүргізе бастады және болт кескіштің көмегімен баланың саусағын босатты", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.
Үш баласы да АҚШ университетіне түскен қазақстандық әке бала тәрбиесіндегі 15 қағидасын атады
Әкесі: “Кәмпит, балмұздақ, тәтті жемейді, теледидар көрмейді, смартфонға да уақыт шектеулі”
"Соғысқа жіберуге 3 күн қалды": Ресейде жүрген қазақстандық жігіттер көмек сұрады
Олар 10-нан астам күннен бері қайта алмай отыр