Нұр-Сұлтандағы аққалаларды бұзған студент тұрғындардан кешірім сұрады (видео)
Нұр-Сұлтандағы "терракот әскерлері" аққалаларын бұзған жігіт тұрғындардан кешірім сұрап, видео жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтанда ABBA тобының Happy New Year әні естілетін видеода 20 жастағы жігіттің Ботаникалық саябақта орнатылған аққалаларды бұзып жатқандығы таралған еді.
"Құрметті елорда тұрғындары, мен сіздерден болған жжайтқа байланысты кешірім сұраймын. Әрине, біз біреудің еңбегін бағалаймыз, Бүгін біз достарымызбен бұзылған аққалаларды қайта тұрғызу үшін жиналдық", - деді елордалық ЖОО-ның студенті.
Оның аққаларды бұзғаны жұрт наразылығын тудырған еді. Олар оның бұл әрекетін түсінбей, студентті сөккен еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар