Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне орай отшашу болады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі 9 мамыр мерекесіне орай қалада отшашу болатынын мәлімдеді. Отшашу демеушілер есебінен ұйымдастырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мерекелік отшашу сағат 22.00-де Есіл өзенінің жағалауында басталады.
"Отшашудың уақыты 10-12 минут болады және кемінде үш мың рет атылады", – делінген мәлімдемеде.
9 мамырда қалада онлайн және офлайн форматта концерттер мен қойылымдар өтетінін айта кетейік.
Елордада бүгін Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер бейітіне "Даңқ гирляндалары" мен гүл себеттерін қою рәсімі өтті.