Нұр-Сұлтанда тұрғын вакцина алғаны үшін 2 бөлмелі пәтер ұтып алды
Нұр-Сұлтанда вакцина салдырғандар арасында ойнатылған 2 бөлмелі пәтерді Әсемгүл Ысқақова ұтып алды. Бұл туралы Хабар агенттігінің YouTube арнасындағы тікелей эфирде белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа қарсы екпе алып, ұтысқа қатысқандар арасында 75300 нөмірлі Ысқақова Әсемгүл Еркінбекқызы елордадағы басты сыйлық – 2 бөлмелі пәтерге ие болды", - делінген хабарламада.
Ұтысқа 25 маусым мен 28 қыркүйек (қоса есептегенде) аралығында Нұр-Сұлтанда вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан тұрғындар қатысты.
Елорда әкімдігі бұдақ бөлек, апта сайын вакцина салдырғандар арасында iPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынын өткізіп келді. Нәтижесінде 19 iPhone телефоны, 6 тоңазытқыш, 4 теледидар, 2 планшет, 4 микротолқынды пеш, 5 принтер, 2 бейнетіркегіш, кір жуғыш машина, "Алиса" ақылды колонкасы, ауа ылғалдандырғыш үлестірілді.
69 жастағы Рудный тұрғыны вакцина салдырып, автокөлік ұтып алды
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр