Нұр-Сұлтанда "Тұлпар-Тальго" пойызының басшылары қызметте қолдау көрсеткені үшін ақша берген
Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті "Тұлпар-Тальго" пойыздары басшыларының қызметте қолдау көрсеткені үшін тұрақты ақша төлеп отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Агенттік мәліметінше, "Экспресс" филиалының "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының елордалық учаскесінің басшысы мен оның орынбасары тексеріс жүргізбегені үшін пойыз басшыларынан әр рейстен заңсыз ақша алып отырған. Барлығы 27 эпизод анықталды.
“Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 6 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі тиіс. Қазіргі уақытта аталған ұйымға қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс енгізілді”, – делінген хабарламада.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты