Нұр-Сұлтанда түрлі инвестициялық жобаға ақша салуды ұсынған қаржы пирамидасы анықталды
Қаржылық мониторинг агенттігі елордалық департаменті "World Business Consulting" қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Агенттік мәліметінше, тергеу органдары қаланың сенгіш тұрғындарымен түрлі сипаттағы инвестициялық бағдарлама келісімдерін жасап, ойдан шығарылған инвестициялық жобаларға қаражат салуды ұсынған тұлғаларды анықтаған.
“Бұл ұйым өзін портфельдік инвестиция және қаржылық кеңес ұсынатын халықаралық қаржылық және аналитикалық компания ретінде көрсетеді. Департаментте қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде”, – делінген ведомство хабарламасында.
Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды.
"Жай мектепке қабылдамайды": Алматыда 200-ден астам ерекше бала тегін оқу мүмкіндігінен айырылу алдында тұр
Жиналыста ата-аналар мен басшылық арасында үлкен дау туындады
Қазақстандық әйел дәрігерлерді жүктілігін анықтай алмай, жатыр түтігін жарып алды деп айыптады
Әйел басқа ауруханаға барғанда ғана бастапқы дәрігерлердің диагнозды қате қойғанын білген