Нұр-Сұлтанда төрт оқушы емтиханнан кейін ауруханаға түсіп қалды
Елордадағы мектептің төрт оқушысы ауруханаға түсті. Кварц жасалғаннан кейін оқушылардың көзіне зақым келді, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Елордалық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша мектеп оқушылары көпсалалы 2-қалалық балалар ауруханасына жедел жәрдем көлігі арқылы жеткізілді. Зардап шеккендердің арасында 2004 жылы туған үш бала, сондай-ақ 2005 жылы туған бір бала бар.
"Олардың барлығында жеңіл дәрежелі электрофталмия, көздің зақымдануы бар", – деп хабарлады департамент.
Әлеуметтік желіде балалар емтиханға кірген бөлмеде кварц өшірлмеген деген ақпарат тарады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар