Нұр-Сұлтанда мектептен 175 адам эвакуацияланды: Желіде видео тарады
Нұр-Сұлтандағы жеке мектептен 175 адам жарылғыш зат туралы хабарламаға байланысты эвакуацияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Полицияның "102" арнасына сағат 11:32-де Astana Garden School жеке меншік мектебінің электрондық поштасына жарылғыш зат салынғаны туралы хабарлама келіп түсті. Барлық шұғыл қызметтер дереу оқиға орнына жіберілді. Мектептен 175 адам эвакуацияланды. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ", - делінген хабарламада.
Полицейлер Қылмыстық кодекстің 273-бабы - "Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау" бойынша қылмыстық іс қозғады.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 2020 жылы осындай 10 қылмыс тіркелген.
"Полиция қызметкерлері барлық кінәлілерді анықтап, ұстады. Барлық фактілер бойынша ұсталғандар түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды", - деп толықтырды департаменттен.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған