Нұр-Сұлтанда көшеде түкірген азаматтарды бейнебақылау камералары арқылы анықтайды
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі түкірген азаматтардың бейне бақылау камералары арқылы анықталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін астана мәслихатының депутаттары түкіру үшін жазаны қатаңдатуды сұраған. Сөздерінше, бұл шара тәртіп бұзушылықтар санының азаюына әсер етеді.
"Көшеде және қоғамдық орында түкіруге және қоқыс шашуға болмайды. Тәртіп бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қоғамдық орында және көшеде түкіру қаланың әсемдігін құртып қана қоймай, түрлі бактериялардың таралуына себеп болады", – делінген хабарламада.
Осы сынды тәртіп бұзушылықтың куәгері болған тұрғындар құқық қорғау органдарына жүгіне алады. Сөзін растау үшін фото немесе видео ұсыну қажет.
Қазақстаннан арзан бензин тасып, Қырғызстанда қымбатқа сатады: Шекарада кептеліс мәселесі неге шешілмей тұр
Жанармай тасымалдаушылардың бірі осындай іспен күн көріп отырғанын айтады
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты