Нұр-Сұлтанда КамАЗ жүргізушісі полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады (видео)
Нұр-Сұлтанда КамАЗ жүргізушісі полицейлерден қашып кетпек болған. Алайда тоқтаған соң полицейлерге жұдырық ала жүгірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 30 майда болған. Жүк көлігінің жүргізушісі жол апатынан қашып кетпек болған.
"30 мамыр астанада 17:20 шамасында КамАЗ көлігінің қатысуымен жол апаты болды. 39 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетпек болған. Артынан қуу кезінде ол қарсылық танытып, полицейлер тоқтау туралы ескертуін елемеген. Салдарынан патруль көлігімен соқтығысып, тұтқындау барысында физикалық қарсылық көрсеткен", – делінген полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Қазір Қылмыстық кодекстің 380-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағы "Екі немесе одан көп билік өкіліне қатысты күш қолдану" бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
"Сот күдіктіге қатысты екі айға қамауға алу бұлтартпау шарасын тағайындады", – деп қосты полицейлер.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда