Нұр-Сұлтанда иесінен қашып кетіп, жол бойына шығып кеткен қошқар желіде талқыға түсті
8 шілде күні сағат 15:27 шамасында Қабанбай батыр даңғылы мен Алматы көшесінің қиылысында көлік жүргізушілері жол бойымен өткен қошқарды көрген. Малдың қашқаны көрінетін видео желіде тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желі пайдаланушылары жағдайға әзілдеп, қошқарға демеу сөздер айтты.
”Ботаникалық саябаққа қашып, бұталар арасына тығыл”, “Соңына дейін күрес!”, “Байқұс мал, өмір сүргісі келіп, қашып бара жатыр” деп жазды желі қолданушылары.
Бейнежазбаны елордалық полиция оқиға орнына барса да, мал да, оның иесі де табылмаған.
“Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полицейлер жақын маңдағы полиция жасағын жіберді. Тексеру кезінде үй жануары жолдан табылмады”, – деді Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған