Нұр-Сұлтанда ер адам қызды зорламақ болған
Нұр-Сұлтанда қызды зорламақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 30 қазанда кешке қарай Нұр-Сұлтанда болған. Байқоңыр ауданының аумағында күзетшілердің қасында бір әйел келіп, белгісіз ер адамның 1995 жылы туған қызын зорламақ болғанын айтты. Қыз қорыққанынан айқайлаған. Ал ер адам үйлердің ішімен қаша жөнелген.
"Күдіктінің болжамды белгілерін алған Ұлттық ұлан әскери қызметшілері келген полиция қызметкерімен бірге іздеуге кірісті және 20 минут ішінде сипаттамаға сәйкес келген азамат Б.-ны ұстады. Ол Ақмола облысының 1972 жылы туған тумасы болып шықты", - деп хабарлады Ұлттық ұлан.
Жәбірленуші күдіктіні таныды. Оны қосымша тергеу үшін Байқоңыр ауданының полициясына жеткізді.
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда
Жасы 90-нан асса да ел тізгінінде: Әлемдегі ең егде президенттер кімдер
20 президенттің 12-сі Африка елдерін басқарады