Нұр-Сұлтанда бірнеше әйел альфонсқа алданып, өз аттарынан несие алып берген
Нұр-Сұлтан полицейлері іздестіру жұмыстары кезінде Алматыдан елордалық әйелдерді тақырға отырғызып кеткен 34 жатағы альфонсты ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ ер адам автокөлік ұрлығымен де айналысқан. Күдікті әйелдермен танысып, олардың сеніміне әбден кіріп алады екен. Өзінің жақсы жерде жұмыс істейтінін, жеке автокөлігі барын айтады. Содан кейін әйелдерден қомақты суммада ақша алып отырған. Оған сенген бірнеше әйел өз аттарынан несие рәсімдеп беріпті.
«Ер адам жәбрленушінің біріне 6 миллион теңге несие алдырған. Ал кейбір алдаған әйелдермен ол жақын қарым-қатынаста болған, бір пәтерде бірге тұрған. Одан бөлек 2018 жылы автокөліктен алтын және одан да басқа зергерлік бұйым ұрлаған», – делінген хабарламада.
Күдікті уақытша отырғызу изоляторына қамауға алында. Ол Нұр-Сұлтан қаласына жіберіледі. Қазіргі уақытта оның басқа да қылмыстарға қатысы бары анықталуда.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан