Нұр-Сұлтанда әйелдің 7-ші қабаттан құлаған сәті видеоға түсіп қалды
Нұр-Сұлтанда куәгерлер 7-ші қабаттан құлаған әйелді кездейсоқ видеоға түсіріп алды. Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елордадағы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 102 пультіне Достық көшесінің бойындағы үйлердің 7-ші қабатындағы балконнан әйел құлап кеткені туралы хабарлама түскен. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында жан тәсілім етті.
- Түркістанда Ахмет Ясауи кесенесінің маңында алапат өрт шықты (видео)
- Жаңаөзенде мұнай компаниясында өрт болып, жұмысшы тірідей жанып кетті (видео)
"Елордалық 50 жастағы тұрғынының жеке басы анықталды. Әйел құлаған кезде марқұмның туыстары үйде болған. Аталған факті бойынша Есіл ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізуді бастады. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды", – делінген полиция баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі