Нұр-Сұлтанда алты оқушы коронавирус жұқтырды
Нұр-Сұлтан қаласында мектепке барып жүрген оқушының бірі коронавируспен ауырып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мәлімдеді.

Оқу жылының басынан бастап мектеп оқушылары арасында коронавируспен алты бала ауырып қалды. Олардың ішінде бір жағдайда бала мектепке барып жүрген, ал қалған бес жағдай қашықтан оқыту кезінде болған. Осы бойынша балалармен байланысқандар тексерілді - барлығының нәтижелері теріс. Бұлардың бәрі 19 адам, олардың алтауы оқытушылар және 13-і оқушылар. Мектепте дезинфекция жүргізілді, балалар мен мұғалімдер үй карантинінде болды, қазір сабақ оқуға кірісті, - деп хабарлады Жанна Пірәлиева әкімдікте өткен брифингте.
Ол мектеп оқытушыларының арасында бүгінгі күні коронавирустық инфекция тіркелмегенін атап өтті.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған