Нұр-Сұлтан vs Нұрсұлтан: Бас қаланың атауы тағы өзгере ме

Нұр-Сұлтан әкімдігі қала атауының тағы да өзгеруіне қатысты пікір білдіріп, желіде тараған ақпараттың жалған екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Астана

Сурет: pixabay.com/ru/users/andy_bay-1006510/

Әлеуметтік желіде «Нұр-Сұлтан қаласы атауының тағы да өзгеретіні» туралы ақпарат қызу талқыға түсті. Бірі бұл өзгеріске бей-жай қарайтынын жеткізсе, енді екіншілері түбегейлі қарсы екенін айтуда. Кейінгілердің қатарында саясаткер Мұхтар Тайжан да бар. 

«Нұр-Сұлтанды Нұрсұлтанға ауыстыруға қарсымын. Тағы бекерден бекер ақша шашудың қажеті жоқ. Бәрібір бұл атау уақытша ғана деп білемін», - деп жазды ол. 

Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде бұл пікірді қоштай түсті. Дені қарсы екенін жеткізді. Арасында жаңалықтың жалған екенін айтқандар да болды. 

Желіде таралған ақпаратқа қатысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы пікір білдіріп, жаңалықтың шындыққа жанаспайтынын айтты. 

«Иә, мұндай ақпараттың таралып жатқанын білеміз. Бірақ бұл жалған ақпарат», - деді әкімдік қызметкері Ақмарал Әкімжанова. 

Сондай-ақ, желі қолданушылары мұның босқа шығындалу екенін айтты. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте 300 адам ұйықтап қалған баланы жарты күн іздеді

Баланы іздеуге атсалысқандардың қатарында полиция қызметкерлері де бар

60 миллиард: Мемлекет "Қазагроға" тағы көмектеседі

2018 жылдың өзінде холдинг 400 миллиард теңге шығынға батқан екен

Жүргізуші әйел қарсыласының көлігінің күл-талқанын шығарып, қоқан-лоқы көрсетті

Ашуға бой берген әйел бұзақылығы үшін екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Павлодарда автоцистерна жарылып, бір адам қаза тапты

Жарылыстың мән-жайы анықталып жатыр

Конор МакГрегор қазақстандық боксшылар мен балуандарды жоғары бағалады

Макгрегор: Қазақстанда бокс керемет және бай тарихы бар

Елімізде имамдар да атаулы әлеуметтік көмек ала алады

Қазақстанда дін өкілдерінің еңбекақысын көбейту мәселесі қолға алынуда

282 факт: Қазақстанда жасырын болған сәби өліміне қатысты жаңа деректер айтылды

282 бала тірі туғанымен, өлі деп тіркелген

9 айда 156 нәресте: Атырау облысында жаңа туған сәбилердің неден шетінегені белгілі болды

Инфекциялық бақылау талаптары сақталмаған

Бірі жасөспірім: Жүк көлігінің ішінен 39 адамның денесі табылды

Жүк көлігінің 25 жастағы жүргізушісі кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Алматылық сот төрешісін ақтап, кейін қайта соттады

Судья алаяқтық пен парақорлық үшін айыпталды
Çàãðóçêà...