Нұр-Сұлтанда Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш орнатылды
Нұр-Сұлтан қаласындағы жекпе-жек сарайының алдында Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімдеді.
Ескерткіштің ашылу рәсіміне Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов, бокстан Олимпиада ойындарының жеңімпазы Данияр Елеусінов арнайы қатысты.
2019 жылы ашылған жекпе-жек сарайына былтырғы жылдың желтоқсан айында Жақсылық ағамыздың есімі берілген болатын. Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров – грек-рим күресінің палуаны, Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1980). Әлем чемпионы. "Құрмет белгісі" орденінің иегері.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"