Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан неге "қызыл" аймақтан шықпай тұр: Қаланың бас санитар дәрігері түсіндірді

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа қатысты ахуал тұрақсыз болып тұр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Коронавирустық инфекциясы бойынша жағдай тұрақтамауының басты себебі - тұрғындардың карантиндік шараларды сақтамауы, атап айтқанда, адамдар көп шоғырланған орындарға бару, бетперде тақпауы және амбулаториялық емделушілердің карантиндік режимді сақтамауы", - деді Сархат Бейсенова әкімдікте өткен брифингте.

Халық ауырып жатса да, талаптарға бағынбай, карантин режимін сақтамай сыртқа шығып кетінін айтты ол. Мұндай олқылықтарды болдырмау үшін елордада Ashyq жобасы іске қосылды. 

"Қолданба бірыңғай зертханалық ақпараттық жүйемен біріктірілген. Бұл жеке тұлғаның мәртебесін, оның байланыс немесе ауру санатына жататындығын анықтауға мүмкіндік береді. Жоба локдаун енгізудің алдын алуға және кәсіпкерлік нысандарының жұмысына шектеуді алып тастау үшін қолданылады", - деп атап өтті спикер.

Талқылау