Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустың жоқтығы жайлы анықтама беріледі: Тест құны қанша тұрады

Енді ұшаққа отыру үшін коронавирустың жоқтығы туралы анықтама қажет. Анықтама бір аптаға ғана жарамды.

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында коронавирусқа байланысты тест тапсыруға болады. Stan.kz тілішісі тест тапсыру құны мен нәтижесі қанша уақытта дайын болатынын сұрап білді.

Белгілі болғандай, коронавирустың жоқтығы туралы анықтаманы алу, билет құнына қарағанда қымбатқа түседі.

«Ұлттық сараптама орталығы»Тест тапсыру орталықтары тұрғындардың мұрнынан және ауызынан сілкей алу арқылы тест жүргізетінін айтады.

«Ұлттық сараптама орталығында» тест тапсыру құны - 15 616 теңге. Ал "Олимп" клиникалық-диагностикалық орталығында 19 220 теңге және 540 теңге қорғаныс құралдары үшін төлейсіз.

Тест нәтижелері 2 күннің ішінде дайын болады. 

ПТР тестінің артықшылығы - вирустың ағзада болуын тікелей анықтайды.

Тесттен 3 сағат бұрын тістеріңізді жуып, аузыңызды шайнауға тыйым салынады.

Қазақстанның мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында коронавирусқа байланысты тест тапсыруға болатын орталықтардың мекенжайлайрын жариялады. 

Тест тапсыруға болатын зертханалардың мекенжайлары мен телефондары:

1. «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы: Желтоқсан к. 46, тел. 8 (7172) 31-54-09, 8 (7172) 59-00-77.

2. «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласындағы филиалы: Жібек жолы көшесі 3, тел. 8 (7273) 82-35-65, 8 (727) 259-00-77.

3. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Олимп» КДЗ: Республика даңғылы 2/1, Гёте көшесі 3, Б. Момышұлы даңғылы 16, Абылай хан даңғылы 12/1, Е-10 көшесі 2 үй, Манкент т. к. 2 (мобилді пункт). Тест 8 701 961 70 08 телефоны арқылы алдын ала жазылумен ғана жасалады (WhatsApp-қа мәтіндік SMS жазу).

4. Алматы қаласындағы «Олимп» КДЗ: Медеу ауданы – Халиуллин к. 32, Сейфуллин к. 549, Жандосов к. 1В; Алмалы ауданы – Байзақов к. 221/155, Гагарин к. 236б. Тест 8 701 961 7307 телефоны арқылы алдын ала жазылумен ғана жасалады (WhatsApp-қа мәтіндік SMS жазу).

5. Алматы қаласындағы «INVIVO» зертханасы: Қарасай батыр к. 123, қоңырау шалу орталығы: 8 727 258 83 83, 8 778 769 38 81.

Талқылау