Нұр-Сұлтан қаласының сәулет бөлімінің бастығы ақша жымқырды деген күдікке ілініп отыр
Нұр-Сұлтан қаласының сәулет және қала құрылысы және жер қатынастары бөлімінің басшысына бюджеттен қаражат ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөлімінің бастығы "Нұр-Сұлтанның аумағындағы жерді тексеру" жобасын жүзеге асыру үшін бөлінген бюджет қаражатын ұрлағаны туралы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы органның бірінші бөлімінің тергеушісі Данияр Бигайдаров.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі 20 миллион теңгеге жуық ақша ұрланғанын айтты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шенеуніктің аты-жөнін көрсетпеді.
Әкімдіктің сайтында хабарланғандай, Нұрлан Уранхаев қазір Нұр-Сұлтан сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөлімінің бастығы. Ол бұл лауазымға 2019 жылдың 13 мамырында қабылданды. Содан кейін әкімдіктегі отырыста оны бұрынғы әкім Бақыт Сұлтанов таныстырды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған