Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылуы мүмкін - Министрлік өкілі
ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Нұр-Сұлтанды карантинге жабуы мүмкін екендігін Қазақстан ұлттық арнасының "Ашық алаң" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда Қазақстанның коронавирусқа байланысты жағдайы мәз емес. Бүгінгі күні ауруға шалдыққандардың саны екі есе артып, 27-ге бір-ақ жетті. Алматыда 11 адамнан коронавирус анықталса, Нұр-Сұлтанда бұл көрсеткіш 16-ға жетіп отыр. Осыған байланысты елордада карантин енгізілуі мүмкін екен.
"Б жоспары бойынша қаланы карантинге жабу ойымызда бар. Мұны енді жергілікті басқару органдары шешеді. Бүгін сондай мәлімет болатын шығар. Олай болса Нұр-Сұлтан толығымен карантинге жабылады", - деп мәлімдеді Диас Ахметшәріп.
Еске салайық, бүгін Нұр-Сұлтанда ауруға шалдыққан тағы 14 адам анықталған еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды