Елорданың білім басқармасының басшылары ноутбук сатып алуға бөлінген қаржыны жымқырды деп күдіктелуде
Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы сыбайлас жемқорлық әрекет жасады деген күдікке ілінді. Бүгінде сот алды тергеу шаралары жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында Олжас Бектеновке тілші оқиғаға қатысты пікір білдірсеңіз деп өз сауалын жолдады.
"Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының құрал-жабдықтарды жоғары бағамен сатып алу фактісі бойынша сот алды тергеудің тіркелгенін растаймын. Тиісті сараптама қорытындысы бар. Тергеу жұмысы жүріп жатыр, сондықтан оның нәтижесі туралы айтуға әлі ерте", - деп жауап берді Олжас Бектенов.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды