Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Нұр-Сұлтан әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Нұр-Сұлтан әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әкімнің орынбасары Алтынбек Қайсағалиевтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары болып Нұрлан Солтамбеков тағайындалды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қаланың интернет-активінде елорда әкімі Алтай Көлгінов Алтынбек Қайсағалиевке ортақ құрылыстың бірқатар мәселелерін шешудегі жемісті жұмысы үшін, Нұр-Сұлтан - жайлы қала бас жоспарының қағидатына сәйкес су тасқынына қарсы іс-шаралар, табысты жүргізілген шаралар, қоғамдық кеңістіктер мен ішкі аулаларды дамыту үшін алғыс білдірді", - деді әкімнің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.

Президент Әкімшілігімен келісім бойынша 47 жастағы Нұрлан Солтамбеков әкімнің орынбасары болды. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 20 жылдан асады. Мамандығы - инженер-құрылысшы.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 27 Шілде, 2020 11:09
Талқылау