Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Нұр Отандық" депутат Дариға Назарбаеваны депутаттық мандатынан айырамыз деп сес көрсетті

"Нұр Отан" партиясы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваны депуттатық мандатынан айыру туралы мәселені көтеруі мүмкін. Бұл туралы мәжіліс депутаты Айдос Сарым айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дариға

Айдос Сарым Дариға Назарбаеваны Қазақстан парламентіндегі депутаттық мандатынан айыратынын айтып, сес көрсетіп, тиісті мәселе мәжілістегі "Нұр Отан" фракциясының отырысында көтерілуі мүмкін екенін атап өтті. Алайда ол депутаттар әлі мұндай бастаманы көтермегенін қосып өткен.

"Ең болмағанда ол жұмыс орнына келіп, фракция отырысына қатысуы керек, осыдан кейін барып бұл мәселе талқыға салынады", - деп түсіндірді ол.



Дариға Назарбаева қаңтар айының басынан бері мәжіліс отырыстарына қатыспай келеді. Оның көмекшісі экс-президенттің қызы коронавирус жұқтырған соң денсаулығына байланысты ақысыз демалысқа шыққанын айтқан. Ал бұл уақыттың ішінде Назарбаеваны "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінен шығарып үлгерген. Әріптестері де өз кезегінде Қазақстанда қалыптасқан авторитарлық жүйе оның есімімен тікелей байланысты екенін алға тартып, оны отставкаға кетуге шақырған.

Талқылау