Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұржан Төлендиев енді продюсерлік қырымен танылмақ

Нұржан Төлендиев халыққа жаңа қырымен танылмақ. Бұл жолы ол бүлдіршінге продюсер болуды жөн көріпті. Десе де, актер оған музыкалық білім бере алмайтынын ашып айтты. Тек концерттер мен тойларға шығуына ат салыспақ.

16110727_1776923522628561_1784636289618804736_n

Бұл туралы Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Stan.kz.

«Қазақта болатын баланың бетін қақпа, белін бу деген жақсы сөз бар. Білгенімізді айтып жатырмыз. Жастардың үлкен сахнаға шығуларына ықпалымыз тиіп жатыр. Мен музыкалық әлемге ауысып жатқан жоқпын. Өзім «Драма және кино» бөлімінде білім алғанмын. Бұл жерде тек үлкен сахнаға шығуына ықпал етемін. Музыка саласына қатысты білім беріп жатыр екен деп ойлап қалмаңыздар. Ертең буыны қатайып, Мейрамбек Беспаев, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі ағаларындай болады деген үміттемін. Олар да бала кезінен бастап сахнаға шыққан болатын. Бұл баланың әкесі өнерге өте құмар. «Жаныңыздан қалдырмаңызшы» деген соң алып жүрмін. Әзірге тегін өнер көрсетіп жүр. Кейін бір амалын жасаймыз», – дейді Нұржан Төлендиев.

Ал Нұрислам Нұрғалиге музыкалық білімді өнердегі ағасы Мейрамбек Беспаев бермек. Әнші бүлдіршіннің әкесін жақсы танитынын айтып жатыр. «Ол баланың әкесі менің бауырым әрі досым. Оны да шәкіртім деп есептеуге болатын шығар. Өзі мені «көкем» деп тұрып ұстаз санайды. Сондықтан болашағынан үлкен үміт күтемін», – дейді Мейрамбек Беспаев.

Нұрислам қазір он үште. Өнердегі ағалары да осы жастарында үлкен сахнаны бағындыра бастаған еді. «Нұржан ағамның үмітін ақтауға тырысамын. Қазақстан елінің болашақ әртісі, жұлдызы болуға дайынмын әрі армандаймын», – дейді Нұрислам Нұрғали.


Жіберіп алмаңыз:

Артур Төлепов: Әйел таңдауға немқұрайлы қарамаймын

Бағлан Әбдірайымов әйеліне опасыздық жасаған әріптестерін сынады

Қайрат Нұртас: Арманым – Астанадағы “Әзірет Сұлтан” мешітінде азан шақыру

Талқылау