Нұрсұлтан Назарбаев мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, тағзым етті
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарына тағзым етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Осылайша Астанадағы отан қорғаушылар монументіндегі шара барысында мемлекет басшысы және жиылған қауым барлығы бірге соғыс құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Бұдан кейін Құрметті қарауыл ротасы сап түзеп жүріп өтті.

Тағзым ету рәсіміне соғыс ардагерлері, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Үкіметінің, ҚР Парламентінің, орталық мемлекеттік органдарының, дипломатиялық корпустардың өкілдері және қала тұрғындары қатысты.
Оқи отырыңыз:
Астаналық ардагерлерге Жеңіс күніне 500 мың теңгеден бөлінді
Павлодар облысының әкімі аттан құлап жарақат алды
Көкшетау имамы өзіне сыйлаған көлікті мешіттегі тазалықшы әйелге берді
Рахымжанмен бірге Рейхстагқа ту тіккен Гриша әділетсіздікке шыдамай асылып өлген
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”