Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетау имамы өзіне сыйлаған көлікті мешіттегі тазалықшы әйелге берді

Бүгін, қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Ақмола облысында өкіл имам болып еселі қызмет еткен Қанат қажы Қыдырмин елордадағы еліміздің басты діни-рухани орталығы  – «Әзірет Сұлтан» мешітіне наиб имам қызметіне ауысты.

xlarge

Көкше жұрты осында тоғыз жыл бас имам болып қызмет атқарған Қанат Қыдырминге ерекше ықылас танытып, ризашылық білдірді. Көкше жұртының атынан елге танымал азаматтар Мұрат қажы Ыдырысов пен Болат Жанәділов ізгі тілектерін айтып, иығына жапан жауып, жеңіл көлікті сыйға тартты, деп хабарлайды Ақмола облыстық «Науан Хазірет» мешітінің баспасөз қызметі.

photo_4764

Қанат Қыдырмин өзіне қолдау білдіріп, асыл дінімізді насихаттауға үлес қосқан барша қауымға жүрек тебірентер лебізін жеткізді. Өзіне жапқан шапанды күн сайын азан үнімен жұртты ұйытқан мешіт азаншысы Алтынбек Аманжоловқа, ал, жеңіл көлікті мешіттің тазалықшысы болып еңбек ететін жалғызбасты ана мен оның отбасына тарту етті.

Тағы да оқыңыз:

Бақаны тірідей жұтқан қазақ жігіті жұрттың жүрегін айнытты (видео)

Тағы бір кәсіпкер ауылдастарына 1,6 млн теңгеге ЭКСПО билетін алып берді

 

Талқылау