Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
Бұған дейін Қызылорда облысының әкімі болған Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – деп жазды Ақорда.
Нәлібав Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр болған еді.

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін және Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Сондай-ақ Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының (РАНХиГС) 3-курс докторанты.
- Еңбек жолын 1997-1998 жылдары мұнай және мұнай өнімдері бойынша сарапшы ретінде бастаған.
- 1998-2005 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
- 2005-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары;
- 2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы;
- 2008-2013 жылдары Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі;
- 2013-2021 жылдары Қызылорда қаласының әкімі;
- 2021-2022 жылдары ҚР премьер-министрі Кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі;
- 2022 жылдың сәуір айынан бастап Қызылорда облысының әкімі қызметін атқарды.
Бұған дейін Тоқаев Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевты мақтаған еді.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту