Тоқаев Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевты мақтады
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай кезінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевты мақтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент облыстың дамып жатқаны өңір басшысының жұмысының нәтижесі екенін атап өтті.
“Қысқаша айтсақ, Қызылорда облысы барлық кезеңде қарқынды дамып келеді. Өңірдің жағдайы жақсы деп сеніммен айта аламын. Бұл – облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың белсенді әрі мақсатты жұмысының нәтижесі”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бүгін Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр. Бұған дейін президенттің көмекшісі, баспасөз хатшысы Руслан Желдібай іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөз сөйлеп, Қазақстанның одан әрі дамуындағы негізгі бағыттарды айқындап, қоғамдық өмірдегі өзекті мәселелерге тоқталатынын айтқан еді.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған