Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрболат Абдуллиннің әкесі ұлының әнші болуына қарсы шыққан

Нұрболат Абдуллиннің хитмендер қатарына қосылғанына көп бола қойған жоқ. Ал бүгінде көптің сүйіктісіне айналған өнер иесін кезінде анасы сахнаға жетелеп шыққан. Есесіне әкесі өнер адамы болуына қарсы шыққан.

Абдуллин Нұрболат

Бұл туралы Hit-TV арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Өнерге аяқ басып, келуіме себеп болған ең бірінші ұстазым – анам. Одан кейінгі ұстаздар көп. Бірақ ең алғаш 5-6 жасымда сахнаға жетелеп шықты. Содан кейін кеттім. Домбыраны қолға ұстадым. Дәстүрлі әндерді еркін айтатындай деңгейге анам жеткізді”, – дейді Нұрболат.

Анасы бала күнінен өнерге баулығанымен, әкесі Нұрболаттың сахнада жүргенін қаламаған. Тіпті, әншінің орнына қарапайым көлік жүргізушісі болғанын қалапты.

“Бала кезімде әкем: “Не қыласың? Жүргізуші болып, ақшаңды тауып жүрмейсің бе? Әртісте ақша болмайды ғой, анда-мұнда жүреді дейтін. Енді ұшарыңды жел, қонарыңды сай біледі деген әңгіме ғой. Негізі әртіс адамдар бір күні анда, бір күні мұндамыз. Сол сияқты әкемнің сөзінде терең астар жатыр”, – дейді ол.

Сондай-ақ, бірнеше отандық телехикаяға түскен Нұрболат бұдан былай жағымсыз кейіпкердің рөлін сомдамаймын деп отыр. Оның өзіндік себебі мынадай:

“2015 жылы “Шалғайдағы оқиға” деген кинодан бастап түстім. Ең алғашқы кином, ең алғашқы рөлім. “Көзайым” телехикаясында мінезі нашарлау жігіттің рөлін ойнадым. Соның арқасында көптеген дұрыс емес пікірлер келді. Халық соған сеніп қалады ғой, мен сонда соны сендіріп ойнадым. Көбісі “сізді жек көріп қалдық, мына рөлден кейін әндеріңізді тыңдамай қалдық” деп жазды. Сондықтан енді өмір болғаннан кейін жақсы адамның рөлін ойнау керек шығар”.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Stan.kz
Бейсенбі, 31 Мамыр, 2018 15:14